RU KZ

"KazMinerals - Aktogai" ЖШС-ға экскурсия

Абай облысы білім басқармасы  Аягөз ауданы білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ" КММ -нің оқушылары "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында аймақтық «Сұранысқа ие мамандықтар» жобасы жоспары негізінде «Kaz Minerals Aktogay» ЖШС-нің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған кәсіптік бағыттағы танымдық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар еліміздегі ірі мыс өндіруші кәсіпорындардың бірі саналатын «Kaz Minerals Aktogay» компаниясының жұмысымен танысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты өндірістік саламен таныстырып, еңбекке баулу және жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын ұғындыру.
Қатысушыларға карьердің жұмысы, кен байыту процесі, заманауи техника мен технологиялар, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жайлы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, компанияның әлеуметтік қолдау бағдарламалары мен қызметкерлерге жасалатын жағдайлар туралы айтылды.
Экскурсия оқушылардың өндіріс саласына қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға оң әсер етеді. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануына үлкен үлес қосады.
Добавлено: 10-05-2025, 08:55
0
56

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх