RU KZ

Есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдалану бойынша өткізілген іс-шараларға ақпарат

ШҚО білім басқармасы

Аягөз ауданы бойынша білім бөліміне

                                                     «С.Сейфуллин атындағы жалпы

                                                           орта білім беретін мектеп»КММ-нен

 

 

Есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдалану бойынша өткізілген іс-шараларға ақпарат

 

«С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ-де 

қыркүйек айында нашақорлық және есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдалану бойынша іс-шаралар жоспары құрылыып, бекітілді.  

Жоспар бойынша «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты 8-9 сыныптар арасында акциялар өткізілді. Акция барысында флешмоб, сынып сағаттары, спорттық жарыстар және т.б. шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылар арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» плакат және сурет байқауларын қала мектептер арасынада және мектепішлік 5-7 сынып оқушылар арсында сурет пәнінің мұғалімі С.Садвакасова  өз деңгейінде өткізді.

    

Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Н.Н.Турусбекова  мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп айналасына «Жоқ деп айта біл!»тақырыбында жарнамалар орналастырып, зиянды заттарға қарсы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің бастамасымен жасөспірімдерді спорттық секцияларына тартып, баскетбол, футболдың ойнау қырларын үйретті.

  

Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Нашақорлық –ғасыр дерті» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттар,«Тұмау белгілері, емделу шаралары, алдын алу» тақырыбында  тренинг 5-7 сыныптар арасында, «ЖИТС –ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында ашық семинар 8-9 сыныптар арасында. «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 

     

« Түнгі ауыл » атты рейдтік шаралар барысында «Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сабақта кәмелетке толмағандардың түнгі уақыт сағат 23:00-тен таңғы 06:00-ға дейін болуына айыппұл салынатындығын және ата-анасын жауапкершілікке тартатындығын ескертті.  Ұсақ тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында   «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында бейне роликтер көрсетілді, оған 48 оқушы, мектеп инспекторы, 5-11сынып жетекшілері қатыстырылды. Жиында  оқушыларға   «Оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқып, үйде жалғыз болғанда, бөтен  адамдарды үйге кіргізбеу керек; Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету туралы дәрісте анықтама берді. 1-11 сынып жетекшілері ата –аналар жиналысында оқушылардың қатысуымен балалардың өмір қауіпсізідігін сақтау және балардың көшеде, жолда, үй маңында бөгде кісілермен сөйлеспеуді, қауіпсіз жүрудің алдын алу мақсатында әңгімелесу кеңес түрінде айтылды. Тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен сынып жетекшілері ІІБ–нің инспекторлары және ата-ана комитетінің мүшелері, мектеп  психологы, әлеуметтік педагог қылмыстың алдын алу кеңесімен бірлесе отбасыларына рейдтер жүргізілді, ата-аналармен әңгіме-кеңес өткізілді. 

 

 

 

 


  

 

 

ДТІЖО:                    Н.Н.Турусбекова 

Добавлено: 11-03-2022, 09:12
0
600

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх